3.10.2016, 12:15
Оқылды: 19

Үздіктер анықталды

%d2%af%d0%b7%d0%b4%d1%96%d0%ba%d1%82%d0%b5%d1%80-%d0%b0%d0%bd%d1%8b%d2%9b%d1%82%d0%b0%d0%bb%d0%b4%d1%8bТасқала аудандық мәдени-демалыс орталығының тәуелсіздік залында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Үздік бастауыш партия ұйымы-2016» байқауының аудандық кезеңі өтті.

Аталмыш шараға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі С.Әлиев қатысып,  байқау жеңімпаздарын марапаттады.

Жүзден бес жүзге  дейінгі партия  мүшесі бар бастауыш партия ұйымдары арасынан «Мерей» бастауыш партия ұйымы үздік деп танылса, жүзден төмен «Қазақстан» бастауыш партия ұйымына бұйырды.

Сондай-ақ шара барысында «Ақтау» және «Қосшы» бастауыш партия ұйымдары «Ерекше үлгідегі альбом» аталымы бойынша марапатталса, «Шежін», «Мереке», «Амангелді» бастауыш партия ұйымдары  белсене қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Н.Жәрдемова

www.zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале