14.07.2016, 10:05
Оқылды: 36

Үздіктер сапынан көріндік  

Үздіктер сапынан көріндік«Нұр Отан» партиясының «Ұлы дала елі» жобасы аясында Сырым ауданында облыстық және аудандық мәдени қызметкерлер арасында достық қарым-қатынасты нығайтып, өзара тәжірбие алмасу мақсатындағы «Тәуелсіздіктің жемісі» атты облыстық туристік слет өтті.


Аталмыш шараға біздің көркемөнерпаздар да барынша атсалысты. Аудан орталығында өткен  «Озық тәжірбие – көпке ортақ» атты семинар-кеңес келесі күні «Аспалы өткелден өту», «Мергендер», «Балық аулау», «Эстафета», т.б. бөлімдерден құралған  туристтік слетке ұласты. Cайыс шарттарын кедергісіз орындаған бөкейлік әріптестеріміз 11 команданың арасынан  озық шығып, үздіктер сапынан көрінді.

www.zhaikpress.kz

Миллат НАСЫРОВ

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале