4.10.2016, 14:22
Оқылды: 27

Үздік бастауыш партия ұйымдары анықталды

%d0%bf%d0%bf%d0%beЗеленов ауданы орталығында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ұйымдастырған «Үздік бастауыш партия ұйымы-2016» байқауының бірінші кезеңі қорытындыланды. Шараға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұржан Дүзбатыров және комиссия мүшелері мен БПҰ-ң жетекшілері қатысты.

Бастауыш партия ұйымдарында атқарылған жаңашыл жұмыстар мен партиялық жобалардың іске асырылуын саралаған комиссия  «Янайкин» және «Дариян» бастауыш партия ұйымдарын жеңімпаз деп таныды. Байқауда бақ сынаған өзге БПҰ-да жарнаның уақтылы жиналмауы мен жұмыстарының ақпарат беттерінде жарияланбауы тұсау болды. Шара барысында сөз алған комисия мүшелері бастауыш партия ұйымдары дайындаған альбомдарын саралай келіп, ұтымды жақтары мен кемшін тұстарын көрсетті.

Жиын соңында сөз алған БПҰ-ң жетекшілері Исатай Мұғалбаев пен Мақсот Каюбов комиссия мүшелері ескерткен жақтарын түзеп, байқаудың екінші кезеңіне сақадай сай болатындарын айтты.

Түгелбай Бисен

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале