7.10.2016, 14:40
Оқылды: 21

Үздік бастауыш партия ұйымы анықталды

14516602_205185356568788_3662382040970721198_nЖаңақала ауданы орталығында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ұйымдастырған «Үздік бастауыш партия ұйымы-2016» байқауының бірінші кезеңі қорытындыланды.

Шараға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Саматов және комиссия мүшелері мен БПҰ-ң жетекшілері қатысты.

Бастауыш партия ұйымдарында атқарылған жаңашыл жұмыстар мен партиялық жобалардың іске асырылуын саралаған комиссия  «С.Меңдешев» және «Қисық қамыс» бастауыш партия ұйымдарын жеңімпаз деп танылып, облыстық кезеңге қатысатын болды.  Байқауда бақ сынаған өзге БПҰ-да жарнаның уақтылы жиналмауы мен жұмыстарының ақпарат беттерінде жарияланбауы тұсау болды. Басқосу барысында сөз алған комиссия мүшелері бастауыш партия ұйымдары дайындаған альбомдарын саралай келіп, ұтымды жақтары мен кемшін тұстарын көрсетті.

Жиын соңында сөз алғанкомиссия мүшелері Р.Саматов пен О.Көбесова байқауға қатысқан белсене қатысқан барша БПҰ жетекшілеріне ризашылығын білдіріп, облыстық кезеңге өткен қос БПҰ сәттілік тіледі.

Н.ЕСЕТОВА

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале