12.10.2016, 14:47
Оқылды: 67

«Үздік үгіт бригадасы»

%d0%ba%d1%83%d0%b7%d0%b3%d0%b8-%d0%b1%d0%b0%d0%ba ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай республикалық «Жасыл ел»  бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облыстық «Күзгі өнімдер» байқауына Жамбыл жалпы білім беретін мектеп-балабақшасының «Жасыл сақшы» үгіт тобы қатысып, жүлделі орыннан көрінді.


Үздік оқу-тәжірибе үлескесінің тәжірибесін насихаттау, өскелең ұрпақты экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу, үздік ұжымдық- шығармашылық істер тәжірибесін жетілдіру, еңбекке деген жауапкершілікті арттыру мақсатында оздырылған байқауға Қаратөбе ауданының атынан қатысқан  «Жасыл сақшы» үгіт тобы облыстық байқаудың «Үздік өнімді бақша» аталым бойынша алғыс хатпен марапатталса, «Үздік үгіт бригада» аталымында I орынды иеленді.

Жамбыл жалпы білім беретін мектеп-балабақшасының «Жасыл  сақшы» үгіт тобының құрамында Әсел Екпінова, Жансая Аманжолова, Бегайым Рақымғалиева (10 сынып оқуышлары), Әйгерім Бауыржанова (9 сынып оқушысы) аудандық, облыстық деңгейлерде жақсы жетістіктерге қол жеткізуде.

Байқауларға шәкірт тәрбиелеуде биология пәнінің мұғалімі Баян Бақытжанованың еңбегі зор.

Жетекшінің тынымсыз еңбегінің арқасында «Мектеп жанындағы үздік оқу-тәжірибе үлескесі» сырттай байқауынан аудандық кезеңде I орын, облыстан III орын иеленген болатын.

Тоты Есқайырова

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале