31.10.2016, 18:27
Оқылды: 83

Үздік әлеуметтік қызметкер анықталды

????????????????????????????????????

    Елбасының 2011 жылғы 20 қазандағы жарлығымен қазан айының соңғы жексенбісі «Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні» болып бекітілген болатын. Осы мерекеге орай Зеленов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тамаша мерекелік шара ұйымдастырды. Салтанатты кешке аудан әкімінің орынбасары Асылұлан Досжанов, ардагерлер мен сала қызметкерлері қатысты.


Уақытпен санаспай, өмірін мұқтаж жандарды баптауға арнайтын мейірбан жандарды Асылұлан Досжанұлы: -Біздің барлық күш-жігеріміз ең  алдымен халықтың мұң-мұқтажына толық жауап беретін және қазіргі заманғы халықаралық стандарттарға сай келетін әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға бағытталады. Бұл орайда әлеуметтік қорғау саласының мамандары мұқтаж жандардың игілігі үшін аянбай еңбек етіп келеді. Осындай мереке күні саланың барлық қызметкерлеріне ризашылығымды білдіре отырып, дендеріне саулық, қиын да қызықты жұмыстарына табыс тілеймін,-деп үздік қызметкерлерді мақтау қағаздарымен марапаттады. Мереке одан әрі Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылыған «Үздік әлеуметтік қызметкер» конкурсына ұласты. Оған аудан ауылдарынан келген 6 қызметкер қатысты. Сайыс «Өз өзін таныстыру», «Ел тарихы мен мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған сұрақтарға жауап беру», «Алғашқы медициналық көмек көрсету», «Өнер конкурсы» және «Өз қарамағындағы жанға мереке ұйымдастыру» сияқты турлардан тұрды. Қатысушылар әр турға тыңғылықты дайындалғаны көрініп тұрды. Қызметкерлер өзін әндетіп, бірі қара сөзбен, бірі өлең жолдарымен таныстырып, жұмыстары туралы бейнероликтерді де тамаша көрсете білді. Содан соң ел тәуелсіздігі мен мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған сұрақтарға да мүдірмей жауап беріп, өздерін білікті маман екендіктерін көрсетті. Ал өнер конкурсына келер болсақ, қатысуышлар өнерден де құр алақан емес екендіктерін көрсете білді. Ал шешуші турда өздерінің қарамағындағы жанға мерекені қалай ұйымдастыру керектігін сахналағанда жиналған көрермен қауым әлеуметтік қызметкердің жұмысы қаншалықты ауыр екендігін сезіне алды.

Осылайша әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің жұмысының қиындығы мен қызығын көрсеткен конкурс соңында переметныйлық Дания Батырғалиеваға «Үздік таныстыру», Махамбет ауылынан келген Меңзипа Шалабаеваға«Үздік ұжым», Дариян ауылында қызмет жасайтын Лариса Атақановаға «Көңілді жан», рубежиндік Галина Шуфлякқа «Интелектуал», Краснов ауылынан келген Жаннат Сұлтановаға  «Өз ісінің шебері» аталымдары берілсе, бас жүлдені Янайкин ауылы атынан қатысқан Ирина Голохвастова қанжығасына басты. Барлық қатысуышларға бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздары табысталды.

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале