22.11.2016, 14:39
Оқылды: 17

Үлкен ауданның мақтаныштары, мерейлері

%d0%b0%d2%9b%d0%b6%d0%b0%d0%b9%d1%8b%d2%9b-%d0%bc%d0%b5%d1%80%d0%b5%d0%b9%d0%bb%d0%b5%d1%80%d1%961Ақжайық ауданының әкімі Әділ Жоламанов тәрбие мен білім саласындағы мерекелі жылдың шежіресін ерекше жетістіктермен толықтырған оқытушылар мен шәкірттердің үлкен тобын қабылдап, оларға естелік сыйлықтар тапсырды.

Айталық, олардың арасында жуырда ғана Ақтөбе қаласында өткен І Халықаралық «Кең дала» фестиваль-конкурсына қатысып, дараланған ұл-қыздар, олардың жетекшілері болды.  Еліміз өңірлерімен қоса Ресей, Әзірбайжаннан, барлығы 800-ге жуық өнерпаз қатысқан айтулы шарада Ақжайық аудандық балалар шығармашылығы орталығының үйірме мүшелері, атап айтқанда, «Дарын»  бишілер тобы бас жүлде иеленді. Сондай-ақ «Дизайнер» үйірмесінің мүшесі Дулат Дендер Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Қырандай көкке самғаған...» атты кескіндеме туындысымен бас жүлдені иеленді. «Қолөнер» үйірмесінің мүшесі Нұх Бексұлтан «Көш», «Қансонар» панно туындыларымен ІІ орын, «Қолөнер» үйірмесінің мүшесі Дана Файзуллина жүннен жасалған картиналар мен кәдесыйларымен І орын иеленді. Адина Бегімова «Сән үлгісі» бойынша дипломант атанды.

Аудан басшысы І Халықаралық осындай үлкен шарада мұншама табысқа қол жеткізудің маңызын ерекше атап көрсетті. Ол оқушылар жетекшілері, осы фестивальда «Сурет» аталымы бойынша  кескіндеме жанрындағы туындыларымен І орын алған Данияр Ізбасаров пен ағаштан оймыштап жасалған туындыларымен осындай орынды иеленген Досжан Бижановты да құттықтады.

Ә.Т.Жоламанов сонымен қатар осы айдың басында мерейтойлық жылға арналып «Бірлігіміз жарасқан!» тақырыбымен өткен Республикалық Ұлттық Делфийлік ойындарда жетістікке жеткен, яғни «Фотография» аталымынан күміс медаль иеленген Гаухар Бауыржан (М.Әуезов атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы) мен  «Қолөнер» аталымы бойынша алтын медаль алған Аслан Өтеген (М.Әуезов атындағы орта мектептің түлегі), жуырда Алматыда өткен спорттық бағдарлаудан республикалық жарыста жүлдегер болған Мейіргүл Ислямова (М.Әуезов атындағы орта мектеп) және Мұстафа Мұхамбетұлының (Чапаев №1 орта мектебі), басқа да жүзден озған ұстаздар, шәкірттер атына  игі лебізін арнады.

Бибі НҰР

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале