2.11.2016, 17:08
Оқылды: 15

Үміткерлер анықталды

%d2%af%d0%bc%d1%96%d1%82%d0%ba%d0%b5%d1%80%d0%bb%d0%b5%d1%80-%d0%b0%d0%bd%d1%8b%d2%9b%d1%82%d0%b0%d0%bb%d0%b4%d1%8b   Теректі ауданының әкімі М.Мұқаев жұмыс сапарымен Жаңа Өмір ауылында болды. Күн тәртібіндегі басты мәселе- Шаған селолық округінің әкімі лауазымына үміткерлерді жалпақ жұртшылыққа таныстыру еді.

Жиналыста сөз алған Шаған селолық округінің әкімінің міндетін атқарушы И.Оболевич жиынның төрағасы мен хатшысын сайлап,  ауылға арнайы келген қонақтарға қош келдіңіздер айтты. Одан соң аудан   әкімі сөз алды.

-Елбасы «Қазақстан – 2050» Стратегиясын ұсынып, ел дамуындағы жеті басым бағытты айқындап берген болатын. Сол жетіліктің бесінші бағытында  ол мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту жолын қарастырған еді. Ауыл әкімдерін сайлауды біз алғаш рет 2013 жылы, Елбасының жарлығымен бекітілген қағидаға сай өткіздік. Яғни, әкім лауазымына үміткерлерді аудан әкімі жергілікті қоғамдастықпен келісе отырып, іріктейді. Шаған селолық округінің бұрыңғы әкімі басқа қызметке ауысуына байланысты, округке әкім болар  үміткерлерді анықтауды қолға алып отырмыз. Бұл  шараға округ тұрғындары қатысып, өз ойларын еркін білдіре алады,-деді Мұрат Рахметұлы өз  сөзінде.

Халықтың пікірі тыңдалып, Шаған селолық округі әкімдігіне кандидаттардың  аты-жөні белгілі болды. Олардың қатарында, Шаған ЖОББМ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Әлия Ислямғалиева, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Жандос Нығметов және Шаған ЖОББМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Юлия Шыныбекова болды. Үміткерлердің барлығы  жиынға қатысуышылар тарапынан қолдау тауып, аудандық мәслихат депуттарының қарауына жіберілді.

Әділет ОРЫНБАСАРҰЛЫ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале