10.11.2016, 10:38
Оқылды: 24

«Үркердің» марафонындағы табыс

%d2%af%d1%80%d0%ba%d0%b5%d1%80%d0%b4%d1%96%d2%a3-%d0%bc%d0%b0%d1%80%d0%b0%d1%84%d0%be%d0%bd%d1%8b%d0%bd%d0%b4%d0%b0%d2%93%d1%8b-%d1%82%d0%b0%d0%b1%d1%8b%d1%81Білім және ғылым министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-тәжірибе орталығының қолдауымен мектепке дейінгі, 4-5 жастағы балалар үшін «Үркер» зияткерлік орталығы республикалық сырттай білім марафонын өткізді.

Бұған Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округіндегі «Еркемай» мектепке дейінгі ұйымынан 13 тәрбиеленушісі бақ сынады. Еліміз бойынша 796 бүлдіршін қатысқан марафонда «Еркемайдан»  13 қатысушының мүмкін болар 50 ұпайдан сегізі 47 ұпай, бесеуі 43 ұпай жинап, арнайы сертификаттармен марапатталды.

Балаларды осындай жетістікке  жеткізген тәрбиешілер Ақбаян Сариева, Алтынай Исақова, Данара Жанғалиеваның еңбектері зор.

Бекем Бекұлы

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале