13.10.2016, 14:56
Оқылды: 26

Ұйым жұмысы оң бағаланды

%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%82%d0%b0%d1%83%d1%8b%d1%88-%d0%bf%d0%b0%d1%80%d1%82%d0%b8%d1%8f-%d2%b1%d0%b9%d1%8b%d0%bc%d1%8b"Нұр Отан" партиясы аудандық филиалының Ақтау бастауыш партия ұйымының екі жылда бір өтетін есептік-сайлау жиыны өтті.


Шараға аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева мен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Ғазез қатысты. Ақтау мәдениет үйінде басқосқан партияның белсенді мүшелері мен ауыл тұрғындары алдында аталмыш ұйымның төрағасы, Ақтау ауылдық округінің әкімі О.Насимуллин баяндама жасады. Оның айтуынша, екі жылда атқарылған жұмыс нәтижелері жетерлік. Мысалы, биыл жаяу жүргіншілер көпірі мен жастарға арналған коньки қорабы алаңы салынды. Түрлі мемлекеттік бағдарламалардың іске асып жатқандығын баяндаған бастауыш партия ұйымының төрағасы алдағы уақытта жүктелген міндеттерді абыроймен атқаруға атсалысатындығын атап өтті. Басқосу соңында жиынға қатысушылар Ақтау бастауыш партия ұйымының жұмысына оң баға берді. Дәл осындай есптік-сайлау жиындары барлық ауылдық округтерде жалғасын табатын болады.

Манас Маратұлы

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале