23.08.2016, 16:11
Оқылды: 29

Ұлттық ойыннан олжалы оралды

ТогызкумалакСпорт күніне  орай  Орал қаласында тоғызқұмалақ, қазақ күресі, футбол, асық ату спорт түрлерінен өткізілген жарысқа Қаратөбе аудандық  балалар мен  жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары қатысып келді. 


Орал қаласынан және аудандардан қатысқан жас спортшылар арасындағы ойындар қызықты да тартысты өтті. Спортшылар тыңғылықты дайындықпен барды. Ұлттық ойын тоғызқұмалақ ойынында Айжарқын Қонарова І орын, Данияр Амангелді, Айдана Мұхамбетжанова ІІ орын, Бекзат Ислямов, Алтынай Маратова ІІІ орындарға ие болды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының дипломдарымен, медальдарымен марапатталды.

Аталмыш жарысқа аудандық  балалар мен  жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Байжан Бақтығалиев шәкірттерін бастап барған болатын.

 

Тоты Есқайырова

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале