5.08.2016, 16:02
Оқылды: 27

Ұлт жоспарында көрсетілген тапсырмалар жүзеге асуда

Ұлт жоспарында көрсетілген тапсырмалар жүзеге асудаБөкей орда ауданында биылғы жарты жылдықта жаңадан 18 шаруа қожалығы құрылып, оларға 53175 га жер телімі берілсе, жерді тиімді пайдаланбаған 13 қожалық жабылып, олардың иелігіндегі 21308 га жер мемлекет меншігіне қайтарылды.


«Хан Ордасы» ЖШС-і асыл тұқымды бактриан түйесін, 9 қожалық қазақтың ақбас сиырын, 2 қожалық көшім және жабы жылқыларын өсіруде. Биыл бір қазақтың ақбас сиырын өсіретін, екі еділбай қойын өсіретін, бір көшім жылқысын өсіретін шаруашылық жасақталмақ. Жыл өткен сайын мал өсірушілердің тұрмыс жайы, материалдық-техникалық базасы жақсарып келе жатыр. Олар энергияның балама көздері ретінде 32 күн батареялары мен жел генераторларын пайдалануда.

К.ДӘУЛЕТӘЛИЕВ
Бөкей орда ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале