29.07.2016, 16:18
Оқылды: 24

Ұлы даланың шыныққан жастары

????????????????????????????????????

Подстепный ауылында  ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Нұр Отан» партиясының «Ұлы дала елі» жобасы аясында «Тәуелсіз елдің шыныққан жастары» атты аудандық туристік жарысы өтуде.


Жарысқа Ақсуат, Богданов, Долин, Федоров, Шаған, Шағатай селолық округтерінен командалар қатысуда. Аудан табиғатын зерттеп, бағдарлап, салауатты өмір салтын ұстануда белсенділік танытып жүрген жастарды мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қ.Болатұлы құттықтап, аталмыш жарыстың жақсы өтуін тіледі. Ал туризм

????????????????????????????????????

саласының ардагері М.Мырзағалиев тарихтан сыр шертіп, ең алғашқы туристік жорықтар осы Подстепный ауылының іргесінде өткендігін тілге тиек етті. Жас спортшыларды нендей кедергілер мен сындар күтіп тұрғанын жарыстың бас төрешісі С.Ибатов атап өтіп, командаларға сәттілік жолдас болсын деген тілегін білдірді.

Әділет ОРЫНБАСАРҰЛЫ
Теректі ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале