24.11.2016, 12:15
Оқылды: 17

«Ұлы дала баласы» - Ақсайда

«Ұлы дала баласы» келеді деп тағатсыздана күткен  ақсайлықтар бүгін  аудандық мәдениет үйінде танымал әнші Төреғали Төреәлінің концертіне жиналды._dsc0089

Көпшілікке алғашқыда айтыс аламанынан көрініп, ақындығымен  танылған  Төреғали қазіргі таңда ән әлемінде ерекше дауысы бар, көрерменнің көзайымына айналған талантты әнші. Бойынан қазақылықтың исі аңқып тұратын Төреғали бүгінде әдетінен жаңылмай сахна шымылдығын «Ассалаумалейкум» әнімен ашты.  «Халқымның ыстық ықыласын сағынып келдім» деп бастаған әнші ұлымыз еліне танымал «Іздеме», «Қазақ қызға үйленем», «Мадина» секілді т.б. әуезді әндерінен шашу шашып, ойға түйген көптеген сырларымен киелі сахнада хақымен бөлісті.

Әкелі-балалы болып жарасқан Төреғали мен Төреәлі ағамыздың дуэт әндерін халқы қосыла шырқады.  Әншінің құлақтан кіріп бойды алатын әсем әндерін тындауға көрерменнің де молынан жиналғаны сондай, залда тіпті ине шаншыр орын болмады. Әншімен өткен осы бір ұмытылмас сәт өз мәресіне де жетіп, халқымен «Қимай тұрмын» атты әнімен қоштасты.

 

Ұлдай Танбайқызы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале