21.11.2016, 17:31
Оқылды: 69

Ұлы дала ойшылының өлеңдері оқылды

%d2%b1%d0%bb%d1%8b-%d0%b4%d0%b0%d0%bb%d0%b0-%d0%be%d0%b9%d1%88%d1%8b%d0%bb%d1%8b%d0%bd%d1%8b%d2%a3-%d3%a9%d0%bb%d0%b5%d2%a3%d0%b4%d0%b5%d1%80%d1%96-%d0%be%d2%9b%d1%8b%d0%bb%d0%b4%d1%8b  Бүгінде есімі алты алашқа белгілі болған ұлы дала ойшылы Ғұмар Қараштың шығармаларын жеткіншек ұрпаққа кеңірек насихаттау, оның өмірі мен шығармашылығын дәріптеу мақсатында Жәнібек ауданында аймақтық «Ғұмар Қараш оқулары» өтті. Біртуар азамат Ғұмар Қараштың туғанына 140 жыл, ел тәуелсіздігіне 25 жыл, Алаш қозғалысына 100 жыл толуымен тұспа-тұс келген байқауға көршілес Қазталов, Бөкей ордасы аудандарынан оқушылар ат арытып келді.


   Жұртшылық алдымен ақынның ескерткіші алдына жиналып, гүл шоқтарын қойды, оның рухына тағзым етіп, мұнан кейін жиналғандар аудандық мәдениет үйіне бет алды. Фойеде ақын шығармашылығынан сыр шертер «Жойылмаса игі еді, артта қалған ізіміз» атты кітап көрмесі жасақталған. Байқау ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ақын, Бөкей ордасы ауданының құрметті азаматы Айбатыр Сейтақтың сәлемдемесімен басталып, ол өзінің «Ақының бар Ғұмардай» жыр шумақтарын жолдады. Танымдық кеште аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешов пен «Орал өңірі» газеті бас редакторының орынбасары Сырымбек Тұяқов сөз алып, рухани азық беретін, ақын шығармашылығын дәріптейтін байқаудың оздырылғандығына шынайы ризашылықтарын білдірді.

    Содан соң «Жайық Пресс» ЖШС-ның бас директоры Жантас   Сафуллиннің бастамасымен түсірілген «Қазақстан» деректі фильмі көрсетіліп, оқушылар Ғұмар Қараштың «Қазақстан», «Ұран» газеттерін шығару үшін біраз тер төккеніне, сол арқылы «ұйқыдағы қазақты» оятып, көзін ашқанына тәнті болып, аянышты тағдырына бірге налып, ерекше әсер алды. Фильмнен соң «Шұғыла» газетінің тілшісі Меңдігүл Фазылова «Ғұмар Қараш – ұлы дала ойшылы» тақырыбында баяндама оқыды. Аймақтық «Ғұмар Қараш оқулары» шығармашылық байқауының бірінші кезеңі бойынша қатысушылар ақын өлеңдерін жатқа оқыса, екінші кезеңінде өз туындыларын арнады. Сонымен қатар барлық қатысушыларға еліміздің танымал тұлғалары ақынның өмірі мен шығармашылығына байланысты көгілдір экран арқылы бейнесұрақ қойды. Байқауға 30 оқушы қатысып, мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік көркемсөз шеберлері озып шықты. Сайыс нәтижесі бойынша ақын өлеңдерін жатқа оқыған оқушылар арасынан  Махамбетше толғанып, батырлар жырының сарынымен, ақын өлеңдерін аса бір толқындай тулап, ерекше жігермен, рухпен жеткізе білген Алтынбек Айғалиев (Жәңгір хан атындағы ЖББОМ, Бөкей ордасы ауданы) бірінші орын жүлдесін жеңіп алды. Ал Кенжебек Шохалов (Ғ. Сарыбаев атындағы ЖББОМ, Талов ауылы), Гүлхан Бораш (Жәңгір хан атындағы ЖББОМ, Хан ордасы ауылы) 2-орын, Гүлнаргизада Нұрмұханова (Ғ. Қараш атындағы ЖББОМ, Борсы ауылы), Аружан Талапова (Ғ. Қараш атындағы Қараоба мектеп-гимназиясы, Қазталов ауданы) 3-орынды қанжығаларына байлады. Сондай-ақ Гүлнара Жұмаш «Көрермен көзайымы» (Ғ.Қараш атындағы ЖББОМ, Борсы ауылы), Гүлназ Құмарғалиева «Ең жас байқауға қатысушы» (М. Ықсанов атындағы ЖББОМ, Жақсыбай ауылы) аталымдарына ие болды.

          Поэзия әлеміне қызығушылық танытып, қалам тербеп жүрген, Ғұмар Қараш бабаларына өз туындыларын%d2%b1%d0%bb%d1%8b-%d0%b4%d0%b0%d0%bb%d0%b0-%d0%be%d0%b9%d1%88%d1%8b%d0%bb%d1%8b%d0%bd%d1%8b%d2%a3-%d3%a9%d0%bb%d0%b5%d2%a3%d0%b4%d0%b5%d1%80%d1%96-%d0%be%d2%9b%d1%8b%d0%bb%d0%b4%d1%8b02 арнаған жеткіншектер арасынан Төрехан Насиев (Х. Халиуллин атындағы ЖББОМ, Ақоба ауылы) үздік деп танылса, Ерасыл Қорған (Ғ. Қараш атындағы Қараоба мектеп-гимназиясы), Нұртілеу Сидағалиев (Ғ. Сарыбаев атындағы ЖББОМ, Талов ауылы) 2-орын, Гүлхан Бораш (Жәңгір хан атындағы ЖББОМ, Хан ордасы ауылы), Аяжан Жұмасбаева (Б. Жәнекешов атындағы ЖББОМ, Бисен ауылы) 3-орындарға табан тіреді. Ал Асылай Жұмаспай «Көрермен көзайымы» (Б. Жәнекешов атындағы ЖББОМ, Бисен ауылы), Ақұштап Қуанышқалиева «Ең жас байқауға қатысушы» (А. Оразбаева атындағы ЖББНМ, Жәнібек ауылы) аталымдарына ие болды. Жеңімпаздар мен олардың жетекшілері арнайы дипломдармен марапатталып, оларға «Ұран», «Қазақстан» кітаптары сыйға тартылды. Сондай-ақ аталмыш байқаудың өтуіне өз үлесін қосқан ҚР Журналистер одағының мүшесі Меңдігүл Ғарифоллақызына ұйымдастыру алқасы атынан алғысхат табыс етілді.

Арайлым КЕСЕКОВА

Жәнібек ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале