21.09.2016, 13:50
Оқылды: 38

«Ұлы дала тұлғалары» патриоттық акциясы жалғасын табуда

 %d0%bc%d3%99%d0%b4%d0%b5%d0%bd%d0%b8%d0%b5%d1%82-%d2%9b%d1%8b%d0%b7%d0%bc%d0%b5%d1%82%d0%ba%d0%b5%d1%80%d0%bb%d0%b5%d1%80-%d1%81%d0%b5%d0%bc%d0%b8%d0%bd%d0%b0%d1%80-140Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында елімізде республикалық жастар экспедициясы «Ұлы дала тұлғалары» патриоттық акция ұйымдастыруды қолға алған болатын. Айта кетейік, еліміздің түкпір-түкпірінде бастау алған аталмыш шара 1-тамыз айында басталды, енді қарашаның біріне дейін жалғасын табады. Орал шаһарында жаз айында жүзеге асқан акция Зеленов аудандық жастармен жұмыс жөніндегі  ресурстық орталықтың ұйытқы болуымен аудан орталығында өтті.


Көш құрамында Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар қанатының  төрағасы, экспедиция жетекшісі Игорь Спиридонов,  татар этно-мәдени бірлестігінің мүшесі Рауан Алтаев, Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің тарих пәнінің ұстаздары Ринат Жанғалиев, Сәкен Иссағалиев, «Қоғамдық келісім» КММ-нің әлеуметтік бастамалар және қоғамдық келісім бөлімінің аға консультанты Анара Өтеғалиева, «Пульс города» газетіндегі «Согласие» қосымшасының  редакторы Оксана Каткова сынды меймандар бар.

Жалпы, бұл акция мемлекетіміздің қазіргі тарихын зерттеуге үлес қосу және тәуелсіз, жас Қазақстанның гүлденуі жолында аянбай тер төккен тұлғалардың ерлігі мен еңбегін мәңгі есте қалдыруды көздейді. Міне, осыны жас ұрпаққа түсіндіруді ту еткен ауданымыздағы шара «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы  аясында бой көтерген, қазақ халқының ақиық ақыны Қасым Аманжолов атындағы мектепте ауқымды түрде өте жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды.

Мемлекеттік Гимн шырқалған салтанатты шара барысында Мемлекеттік Туды ұстау құрметіне облыстық, республикалық гір тасын  көтеру сайсының бірнеше дүркін чемпионы Расул Төлеуов, облыстық «Ақжайық» футбол командасының белсенді мүшесі, аудандық, облыстық футбол сайыстарының бірнеше дүркін чемпионы Есбол Тұрсынғали, облыстық, аудандық  волейбол жарыстарының бірнеше дүркін чемпионы Исатай Берекетов, «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының жетекшісі, мектептің белсенді оқушысы Ержан Қарақұлов ие болғанын айта кеткен жөн.

         Алдымен сөз алған аталмыш мектептің  директоры Роза Тасанова:

— Тәрбиелік мәні терең ұмытылмас ұлы күн – Ұлы дала тұлғаларын ұлықтау күніне қош келдіңіздер! Жас ұрпақ тәрбиесінде мәңгілік есте қалатын, тәуелсіздік алған сәттен бастап, жас мемлекетіміздің дамуына өзіндік үлесін қосқан азаматтарды тауып, азаматтық, адамдық келбеті жарқын, өз өмірімен үлгі бола алған, елдің шынайы құрметіне ісімен лайықты атанған азаматттарымызды ұлықтау күні құтты болсын!

Қазіргі таңда мектебімізде 1-11 сыныптар аралығында 354 оқушы, мектепалды даярлық топтарында 33 тәрбиеленуші, 3 пен 5 жас аралығындағы 22 балдырған шағын орталықта тәрбиеленуде. Биылғы оқу жылының ерекшелігі жаңартылған білім мазмұны бойынша бірінші сынып табалдырығын 43 оқушы аттады. Ұстаздар мен шәкірттерміздің Тәуелсіздік мерекесіне қосар үлесі орасан зор,-деп мектеп өмірімен таныстырды.

Салтанатты шара соңында аудан өнерпаздары ән шырқап, мектеп шәкірттері әсем бимен өрнектеді.

Одан соң акцияға қатысушылар «Тәуелсіз ел –Қазақстан!» атты оқушылардың қиялынан туған керемет қолөнер көрмесін тамашалады. Сонымен бірге Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған мектеп мұражайында болып, «Соғыс өртіне шыңдалып өскен ардагерлерім-асыл ерлерім», «Ер есімі ел есінде», «Ардагерді ардақтаймыз», «Жауынгер даңқы мәңгі өшпейді» бөлімдеріндегі тарихи құнды құжаттармен танысты. Ал, мектептегі «Парасат» достық клубының жас ұрпаққа берер тәрбиелік мәні мол.

Қасым Аманжолов атындағы мектептің тыныс-тіршілігіне қаныққан меймандар содан соң ел егемендігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы Дала тұлғалары» атты дөңгелек үстел басына жиылды.

Аудан әкімінің орынбасары Асылұлан Досжанов, тәуелсіздік жылдарында еңбек еткен еңбек ардагерлері, қазіргі таңдағы ауданның қоғамдық-саяси өмірінің белсенді мүшелері, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жатқан тұлғалар, аудандық мәслихат депутаттары, аудан жастары, мектеп оқушыларының қатысуымен өткен жиынға төрағалық еткен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Талшынай Жүніс:

—  Зеленов ауданы Батыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде орналасқан. Аудан 1939 жылы құрылды, 1997 жылы құрамына Приуральный ауданы кірді. Аумағы  7,4 мың шаршы шақырымды құрайды. 22 ауылдық округ, 68 елді мекен 56,5 мың халқы бар жасыл өлкелі аудан. Орталығы Переметный ауылы. Аудан Ресей Федерациясының 3 облысымен Орынбор облысы (Первомай, Ташла аудандары), Самара облысы (Большечернигов ауданы)  және Саратов облысы (Озинки, Перелюб аудандарымен) шектеседі. Ауданда 8 Социалистік Еңбек Ері, 5 Кеңес Одағының батыры және 47 «Ауданның Құрметті азаматы» бар.

           Баршамызға белгілі биыл біз ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлаймыз. Тәуелсіздігімізді насихаттау бағытында және тәуелсіздік жылдарында еңбек еткен тұлғалармен кездесу мақсатында аудан жастарынан тұратын экспедиция құрамы бекітілді,- деді өз сөзінде.

Содан соң сөз алған БҚО ҚХА  жастар қанатының төрағасы, экспедиция жетекшісі Игорь Спиридонов: -Егемендік алған сәттен бастап, жас мемлекетіміздің дамуына өзіндік үлесін қосқан азаматтарды тауып, олардың есімін энциклопедияға енгізу — «Ұлы дала тұлғалары» экспедициясының алдына қойып отырған басты  мақсаты. Аталған республикалық акциямен қаламыздың барлық аудандарына сапарға шығу жоспарлануда. Міне, жұмыс сапарымызды ең бірінші Зеленов ауданынан бастап отырмыз.

Әр ауданда жаңа заман тарихының жетекші тұлғалары туралы ақпарат жинайтын боламыз. Сайып келгенде, жиналған материал барысында тәуелсіздік жылдары ел дамуына атсалысқан жандар туралы кітаптар мен видеороликтер дайындау көзделіп отыр,- деді.

Шарада аудандық мәслихат хатшысы Рамазан Ысмағұлов, аудандық қоғамдық келісім Кеңестің төрағасы Қадырбай Абдушев, Переметный ауылдық округінің қоғамдық келісім Кеңестің төрағасы Николай Анципрович, Камен мектебінің директоры Валентина Стародубецтер тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің хал-ахуалы хақында әңгімелеп берді. Дөңгелек үстел соңы мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасына ұласты.

Экспедиция мүшелері мұнан кейін Переметный ауылындағы «Асфа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Каркула» шаруа қожалығында болып, ауданның дамуына үлесін қосып келе жатқан шаруашылықтың күй-жәйімен танысты.

Айшабибі МӘМЕТ

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале