25.08.2016, 12:50
Оқылды: 44

Ұрпақ білімі-бүгінге сын

IMG_6851Шыңғырлау ауданының «Білімді ел-мәңгі ел» тақырыбындағы білім саласы қызметкерлеріне арналған тамыз мәслихаты аудандық Мәдениет үйінде өтті. Жаңа оқу жылы алдындағы ауқымды шараға аудан әкімі Альберт Есалиев,  облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Зәуре Гумарова қатысты. Тамыз мәслихатының пленарлық бөлімінде 2015-2016 жылғы оқу жылының қорытындысы баяндалған бейнефильм көрсетіліп, аудандық Білім бөлімінің бастығы А.Сапаров соңғы жылдардағы нәтижелерді салыстыра отырып, жеткен жетістіктер мен алдағы жоспарларды бір екшеп өтті. Нақтырақ айтқанда, ауданда бүгінгі таңда мектеп алды даярлықпен қамту 100 % деңгейде және алдағы күндерде 290 орындық балабақша ұлттық қор қаржысымен салынып, пайдалануға берілмек, бұл ауданымыздағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепалды даярлықпен толық қамтиды деп күтілуде. ҰБТ нәтижесі көрсеткен жалпы орташа ұпай-84,9 %-бен ауданымыз облыс бойынша 4-ші орында.  Аудан бойынша мектептен тыс қосымша білім берумен 884 бала қамтылған. Мектептер жанындағы жазғы демалыс лагерінде 1436 оқушы қамтылып, 65 бала түрлі қалаларда демалып келген. Италияның мемлекетінің Чезенатико қаласында 2 оқушы демалды. Өткен оқу жылында келген 29 жас маманның 11 тұрғын үймен қамтылып, 18 көтерме жәрдемақы алды. Алдағы міндеттер қатарында жаңартылған білім алу бағытында жұмыс жасау міндеті тұр, яғни, жаңа оқу жылында 1 сыныптар жаңартылған білім беру мазмұны бойынша білім алады, алдағы жылдарда 1,2,7 сыныптар, ал 2020 жылға қарай 9 сыныптар аталған жүйеге көшетін болады.IMG_6932

Барша аудан ұстаздарын құттықтаған аудан әкімі Альберт Есалиев бүгінгі күннің жетістігі мен болашақтың артар міндетін айтып өтті. Аудан дамуындағы мемлекет қолдауымен жүргізіліп жатырған жұмыстар, жүзеге асырылып жатырған бағдарламалар тұрғысында тәптіштеп, мектептердің күрделі жөндеуден өтіп жатырғандығы және алдағы уақытта да осы жұмыстар жалғасатынын, сондай-ақ, мектептер жанындағы спорт алаңқайлары бүгінде бастап қолға алынып, бұл бастама барлық мектептерде де жалғасы табатынын атап өткен аудан басшысы жас мамандарға сәттілік, барша ұстаздарға жетістіктер тіледі.

Осындай құттықтау лебіз және облыс көлеміндегі білім саласының жаңалықтары  туралы баяндаған облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары  З.Ғұмарованың баяндамасынан соң еңбек жолындағы жетістіктерімен ерекшеленген бірқатар ұстаздарға облыстық Білім басқармасының, аудан әкімі және аудандық Білім бөлімінің алғыс хаттары табыс етілді.

Аудан орталығындағы Л.Қылышев атындағы Шилі ОЖББМ-нің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Бибінұр Уксукбаева ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің алғыс хатымен марапатталды.

Қаршыға Елемесов

Шыңғырлау ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале