4.10.2016, 14:14
Оқылды: 31

Ұстаздар құрметіне спорттық ойын

%d1%81%d0%b0%d0%b9%d1%8b%d1%81Аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде  білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен ұстаздар мерекесіне
арналған спорттық сайыс оздырылды.


Спорттық шарада алғаш сөз алған аудан әкімінің орынбасары Сатқан Өмірзақов барша білім саласының қызметкерлерін айтулы мерекемен құттықтап, спортшыларға сәттілік тіледі.

Мереке құрметіне үстел теннисі және волейбол ойыны түрлерінен өткізілген сайыс он төрт команда арасында тартысты өрбіді.

Жарыс қорытыңдысында үстел теннисінде І орынды ерлер арасында Жасұлан Жүсіпқалиев (Аққозы ЖОББМ), қыздар арасында Айгерім Қойшыбаева (Шөптікөл ЖОББМ) жеңімпаз атанды. Волейбол командалары арасында Қаратөбе мектеп-гимназиясы І орын, Мұхит атындағы ОЖББМ ІІ орын, Егіндікөл мектебінің мұғалімдер командасы ІІІ орын иеленді.

«Жеңіске деген жігері үшін» аталымымен Б.Аманшин атындағы ЖОББМ-бі марапатталса, «Үздік шабуылшы» аталымымен Бауыржан Шүрмен (Қаратөбе мектеп-гимназиясы), «Үздік ойыншы» Нұрбек Сайнов (Мұхит атындағы ЖОББМ), «Үздік қорғаушы» аталымымен Б.Аманшин атындағы ЖОББМ атынан шыққан Ердәулет Жәкиев марапатталса, Егіндікөл ОЖББМ спортшысы Сағынжан Науашев «Ардагер спортшы» аталымымен марапатталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге сыйлықтар табыс етілді.

 

Райымбек Абаев

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале