15.12.2016, 12:39
Оқылды: 57

Ұлы мереке ұлықталды

screenshot_2016-12-15-23-45-02-1Еліміздің басты мерекесіне орай Бөрлі жұртшылығы да Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың құттықтауын тікелей эфирде көрді. Еліміздің даму жолын баяндап, жеткен жетістіктерді тізбектеген Елбасы барша қазақстандықтарға алғысын жеткізді.


Татулық пен тұрақтылық мекені – Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған мерекелік концертте аудан әкімі Алдияр Халелов аудан халқын құттықтады.
Аудан басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 29 қарашадағы Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 25 жыл» медалімен бірнеше азаматтарды марапаттады.

screenshot_2016-12-15-23-53-45-1Сонымен қатар Алдияр Сансызбайұлы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевтың да алғыс хатын бірқатар азаматтарға табыстады.

Ауданымыздың өсіп-өркендеуі жолында өздерінің елеулі үлестерін қосқан, ауданымызды басқарған әкімдерді: Қуанышбай Төлебаев, Қайнолла Қасенов, Марат Түсіпқалиевтарды сахна төріне шақырған Алдияр Халелов оларға өзінің алғыс хаты мен естелік сыйлықтар табыс етті.

Мерекелік шара аудандық демалу орталығы ұйымдастырған «Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым» атты тамаша концертпен жалғасын тапты.

Айым Нұрғалиева

Бөрлі ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале