28.09.2016, 17:47
Оқылды: 29

Әділеттің әділ жолы

%d3%99%d0%b4%d1%96%d0%bb%d0%b5%d1%82                Аудандық мәдени-демалыс орталығының тәуелсіздік залында  ҚР Әділет органдары қызметкерлері күні қарсаңында арнайы жиын өтіп, оған аудан әкімі С.Әлиев, аудандық мәслихат хатшысы С.Рахимов қатысты.


Жиында аудандық әділет басқармасының басшысы Қ.Тасқалиева аталмыш орган мемлекетіміздің сенімді тірегі және маңызды буыны болып саналатынын осы уақыт аралығына дейін әділет органдарының дамуында көптеген өзгерістер болғанын айтып өтті. 1993 жылдан бастап әділет органдарына азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделеріне қатысты және жалпыға бірдей міндетті мағынасы бар ведомствалық, нормативтік-құқықтық актілері тіркеу қызметтері жүктелгенін жеткізіп, қазіргі таңда бұл мекеменің жүйелі жұмыс жасап жатқанын тілге тиек етті.

Мұнан соң аудан басшысы Санжар Әлиев пен аудандық мәслихат хатшысы Сансызбай Рахимов құттықтау сөз сөйлеп, атқарып жатқан қызметтерінің әрдайым жемісті болуына тілектес екендіктерін білдірді.

Сонымен қатар аудан басшысы сала ардагері Шайдолла Есенбаев пен бірқатар әділет басқармасының қызметкерлеріне өз атынан алғыс хат берсе, Сансызбай Бақтығалиұлы аталмыш мекеме басшысы Қарлығаш Дәуітқызына құттықтау хатын табыстады.

Е.Елекенов

Тасқала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале