1.08.2016, 15:29
Оқылды: 47

Әжелер байқауы өтті

әжелер сайысы22Сулыкөл ауылдық Мәдениет үйінде «Әжелер – береке бастауы» атты байқау өтті.


Байқауға ауыл әжелері немерелерімен қатынасты. Олар өзара 5 кезең бойынша жарысқа түсті. С.Жүсіпқалиева немересі Жаңанұр, К.Құбашова немересі Данагүл, Ж. Аятжанова немересі Аяулым, М.Жангелдинова немересі Айарумен қатысып, көрермен қошеметіне бөленді.

Сулыкөл ауылдық Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Қ.Мұсаның айтуынша, байқау қорытындысында І орын Ж.Аятжанова мен немересі Аяулымға, ІІ орын С.Жүсіпқалиева мен немересі Жаңанұрға, ІІІ орын К.Құбашова мен немересі Данагүлге, М.Жангелдинова мен немересі Айаруға табысталды.

Жүлдегерлер мен қатысушыларға Сулыкөл ауылдық Мәдениет үйі атынан сыйлықтар берілді.

Ертай БИМҰХАНОВ
Қаратөбе ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале