17.11.2016, 11:42
Оқылды: 50

Әйгерім Тыныштықтың «Жарқырайды айнадай көгімде күн» атты туындысы жарық көрді

%d3%99%d0%b9%d0%b3%d0%b5%d1%80%d1%96%d0%bc-%d1%82%d1%8b%d0%bd%d1%8b%d1%88%d1%82%d1%8b%d2%9b%d1%82%d1%8b%d2%a3-%d0%b6%d0%b0%d1%80%d2%9b%d1%8b%d1%80%d0%b0%d0%b9%d0%b4%d1%8b-%d0%b0%d0%b9%d0%bd  Жаңақала аудандық рухани орталықта жас талант, республикалық жас ақындар байқауының жүлдегері Әйгерім Тыныштықтың «Жарқырайды айнадай көгімде күн» атты кітабының тұсаукесері өтті.

  Тұсаукесер кешіне аудан әкімі Л.Хайретдинов, аудан әкімінің орынбасары А.Шүкірғалиева, зиялы оқырмандар мен оқушылар қатысты. Олар Әйгерімнің тырнақалды кітабымен құттықтап, өлеңдерін талдады, жас ақынның жаңа жинағына жылы лебіздерін білдірді. Сондай-ақ кеште кітапхана қызметкерлері әннен шашу шашты.


  Республикалық жас таланттар, ақындар мен жазушылар байқауының жүлдегері Әйгерім Тыныштықтың шығармалары республикалық «Қазақстан әйелдері», «Ұлан», «Үркер», «Дружные ребята», облыстық «Орал өңірі», «Приуралье», аудандық «Жаңарған өңір» газет-журналдарында жарияланған. Енді міне, сол шығармаларын топтастырған «Жарқырайды айнадай көгімде күн» атты тырнақалды туындысы жарық көрді. Кітап үш бөлімнен тұрады.

   Әйгерімге қалымың ұштала берсін, армандарың орындалсын деген тілек айтқымыз келеді.

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале