23.09.2016, 10:22
Оқылды: 37

Әйелдер арасында семинар-тренинг өткізілді

%d3%99%d0%b9%d0%b5%d0%bb%d0%b4%d0%b5%d1%80-%d0%b0%d1%80%d0%b0%d1%81%d1%8b%d0%bd%d0%b4%d0%b0-%d1%81%d0%b5%d0%bc%d0%b8%d0%bd%d0%b0%d1%80-%d1%82%d1%80%d0%b5%d0%bd%d0%b8%d0%bd%d0%b3-%d3%a9%d1%82%d0%ba                  Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының қолдауымен, аудандық орталықтандырылған кітапхананың оқу залында «Үміт» Орал өңірі әйелдер одағының қоғамдық бірлестігі өкілдерінің қатысуымен «Әйелдердің потенциалын арттыру және оларды шешім қабылдау деңгейіне ілгерілету бойынша мемлекеттік саясат» тақырыбында семинар-тренинг болып өтті.

Жиынға жиналған нәзік жандыларға алдымен сауалнама таратылып, «Батыс Қазақстан облысының саясаткер әйелдері» тақырыбында бейнебаян ұсынылды. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Қошанова облыстан келген қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен таныстырып, сөз кезегін ұсынды. Сөз алған бірлестіктің төрайымы Әлия Райымқұлова: «Құрметті жәнібектік ханымдар! Біз сіздермен жүздескенімізге қуаныштымыз. Жалпы қоғамдық бірлестіктің мақсаты – Қазақстан әйелдерінің арасында көшбасшылықты дамыту. Сонымен қатар мемлекеттің саяси өмірінің белсенді қатысушысы бола алатын, әлеуметтік маңызы бар құндылықтардың негізінде қоғамды өзгерте алатын жас көшбасшы әйелдерді тәрбиелеу. Жұмыссыз әйел адамдардың мәселесін шешу, дұрыс бағыт-бағдар беру. Сондықтан да бәріңіз белсенділік танытып, мазалап жүрген сұрақтарыңызға жауап алып, ұсыныстарыңызды ортаға салуларыңыз сұралады»,-деді.

Әрмен қарай «Үміт» Орал өңірі әйелдер одағы қоғамдық бірлестігінің педагог-психологі Бибінұр Салыкова «Мен кіммін?» тақырыбында семинар-тренинг өткізіп, жиналған нәзік жандылармен қызу пікірталас өткізді. Семинар-тренингте өз ойларын ашық айтып, белсенділік танытқаны үшін қатысушыларға бірлестіктің төрайымы Әлия Болатқызы алғысын білдіріп, сертификат табыстады.

                 

                                                                                                                                                                            Арайлым  Рашитқызы                                     

 

              

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале