30.09.2016, 16:21
Оқылды: 16

Әйелдер форумы

%d1%84%d0%be%d1%80%d1%83%d0%bc-%d0%b0%d0%b9%d0%b5%d0%bb%d0%b4%d0%b5%d1%80Мәдениет үйінде өткен «Тәуелсіздік белгісі – бақытты әйел, мерейлі отбасы» атты  әйелдер  форумына әр салада еңбек етіп жүрген аналар, қыз-келіншектер қатысып, олардың қоғамдағы рөлі тағы бір талқыланды. Мәдениет үйі фойесінде көрме жасақталды.

Салтанатты жиынды «Нарын шуағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлжан Бисекенова ашып, алғашқы сөз тізгінін аудан әкімі Нұрлан Рахымжановқа ұсынды. Белсенділіктерімен қоғамдық істерге ұйтқы болып жүрген  нәзікжандылар қатарының көбейіп келе жатқанына аудан басшысы баса назар аударды. Кәсіпкерлік қырларымен аудан өміріне өз қолтаңбалары қалғандар есімі де құрметпен аталды.

Қазақстанның өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қосып, ұжым басқарып отырған  «Қазпошта» АҚ аудандық бөлімінің басшысы Г.Мұқанова, Ш.Жексенбаев атындағы орта мектеп директоры А.Әлиева, өз пәндерін теориялық және әдістемелік тұрғыда шебер меңгерген жаңашыл ұстаздар жәңгірхандық Э.Жамашева, бабажановтық Н.Елеусінова, сағырбаевтық Г.Жаманғарина, жәнекешевтік Б.Саматова, масиндік А.Қисметова, бегалиевалық М.Лұқпановалар жайында жылы лебіздер айтылды.

Жалпы, форумға «Нәзік»  тігін цехының  қожайыны жәңгірхандық Назымгүл Оразгелдиеваның өз қолымен тіккен қазақ аруы көйлегі, тарихи өлке бейнесін түсірген тұмаршалары, Б.Жәнекешев атындағы орта мектептің технология пәні мұғалімі Балзия Саматованың ұлттық костюмдері, ою-өрнекті тұмаршалары көз тартса, сайқындық зейнеткер Нағира Жұманалиеваның шебер қолынан шыққан әсем бұйымдары, жеке кәсіпкер Б.Жұмағұлованың сүт өнімдері, А.Құсайынов атындағы орта мектептен, өзге де округтен әкелінген көрмелер көпшіліктің көзайымына айналды.

Гүлнар Қадырова

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале