20.07.2016, 11:41
Оқылды: 20

Әлияр Жүрмағанбетовтың кезекті жеңісі

Әлияр Орал қаласында ел ішіндегі дарынды, шығармашыл жастарды анықтауға және оларға қолдау көрсетуге бағытталған өнерлі жастар мен бүлдіршіндердің облыстық «Дельфийлік ойындар»  фестивалі өткен болатын. Сайыста аудандық саз мектебінің оқытушысы А.Қалиевтың шәкірті, ауданымыздың өнерпаз күйшісі, 4-сынып оқушысы Әлияр Жүрмағанбетов екі кезең бойына танымал күйшілердің күйлерін орындап, І орынды жеңіп алды.


Осы жеңісімен өнерпаз жерлесіміз тамыз айында Ақмола облысының Степногород қаласында өтетін «Дельфийлік ойындар – Қазақстан халқы өнерінің жоғарғы форумы» республикалық фестиваль байқауына жолдама алды.

Әлияр

Жас талант ауданымыздың танымал әншісі, сазгер Роллан Жүрмағамбетовтың ұл
ы. «Аттың орнын тай басар» демекші, өсіп келе жатқан өнерлі жеткіншек бұған дейін де бірнеше мәрте республикалық өнер байқауларының жеңімпазы болған еді. Алдағы сында да Әлиярға сәттілік тілейміз!

А.ЖАНАЛИЕВА
Шыңғырлау ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале