28.07.2016, 13:01
Оқылды: 23

Әнші Индира Расылхан - Тасқалада

????????????????????????????????????

Шілденің 27-сі күні Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығында Қазақстан эстрадасының жарық жұлдызы, әнші Индира Расылхан тасқалалықтарға жеке концертін берді.


         Кеш барысында әнші «Құрбылар», «Бір бала», «Мұңайма», «Жас қайың», «Апа», «Ботақаным», «Сезім сыры» және тағы басқа әндерін орындап, көрерменнің қошеметіне бөленді. Қазақтың қара домбырасымен де халық әні «Әдемі қызды» орындады. Ән кешіне Ғ.Құрманғалиев атындағы БҚО филармониясының әншісі Еркін Өтегенов пен Индира Расылханның шәкірті Бейбарыс Қажымов қатысып, өнер көрсетті. Содан кейін жастардың сұрауы бойынша «Мен ғашықпын» әні шырқалып, көрермен қауым әншіні ортаға алып, би биледі.

????????????????????????????????????

Концерт «Біз біргеміз» әнімен аяқталып, сахна төріне көтерілген «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қонақтарға Думан Ғазез алғыс хат табыстады.

Манас Маратұлы
Тасқала ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале