21.11.2016, 11:25
Оқылды: 26

Әуе добынан әйелдер біріншілігі

????????????????????????????????????

   Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай аудандық мәдени ойын-сауық және спорт клубының ұйымдастыруымен волейболдан әйелдер арасында Тасқала ауданының біріншілігі өтті.


         Аталмыш сайысқа аудан әкімі аппараты, Тасқала колледжі, БЖСМ, Амангелді, Қазақстан, Мерей, Мереке ауылдық округтерінің командалары қатысып, өзара мықтыны анықтады.

      Тартысты өткен ойын нәтижесінде І орынды балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ойыншылары иеленсе, ІІ орын  Мереке ауылдық округінің ойыншыларына бұйырды. Ал, ІІІ орынға Мерей ауылдық округінің ойыншылары ие болды.

         Жеңімпаз командалар диплом және медальдармен марапатталды.

Сондай-ақ «Үздік ойыншы», «Үздік қорғаушы», «Үздік байланыстырушы» аталымдарына ие болған ойыншыларға естелік сыйлықтар табысталды.

Есенжол ЕЛЕКЕНОВ

Тасқала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале