6.12.2016, 13:15
Оқылды: 33

Әбіш Кекілбаев атындағы шәкіртақы иегері атанды

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, әлеуметтік ғылымдар Академиясының академигі, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев атындағы аудиторияның салтанатты ашылу рәсімі болды.

Шараға белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, ақын-жазушылар, ғалымдар, профессор-оқытушылар құрамы мен жары Клара Қаленқызы қатысты.

Халық жазушысы атындағы аудиторияның лентасын ҚР ҰҒА академиктері Жабайхан Әбділдин, Серік Қирабаев және Сейіт Қасқабасов қиды.

Шара барысында университеттің ректоры ҚР ҰҒА академигі Ерлан Сыдықов ЕҰУ журналистика және саясаттану факультетінің 2-курс студенті Азиза Сүйінішқалиеваға Әбіш Кекілбаев атындағы шәкіртақы тағайындап, арнайы куәлігін тапсырды.

Жерлесіміз Азиза Сүйінішқалиева алғашқы шәкіртақы иегері атанғанына риза. Жастайынан облыстық газеттер, республикалық «Ұлан» газеті мен «Ақжелкен» журналының меншікті тілшісі болған Азиза журналистика саласына бет бұрды.

Алтынбек Ермекқалиев

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале