22.11.2016, 11:13
Оқылды: 29

Өзгерістер мен жаңа талаптар түсіндірілді

%d3%a9%d0%b7%d0%b3%d0%b5%d1%80%d1%96%d1%81%d1%82%d0%b5%d1%80-%d0%bc%d0%b5%d0%bd-%d0%b6%d0%b0%d2%a3%d0%b0-%d1%82%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d0%bf%d1%82%d0%b0%d1%80-%d1%82%d2%af%d1%81%d1%96%d0%bd%d0%b4%d1%96Шыңғырлау аудандық сот мәжіліс залында дөңгелек үстелге мекеме-ұжым басшылары, мемлекеттік қызметкерлер,баспасөз қызметкерлері  кеңес өткізді. Оны аудандық сот төрайымы  Әсел Мажитова ашып, жүргізіп отырды.

«Соттағы  электрондық құжат айналым жүйесі » тақырыбындағы бұл дөңгелек үстел жұмысында   сот жүйесіндегі көптеген мәселелер ортаға салынып, түсіндірілді. Әсіресе тұрғындардың арыз-шағымдарын тіркеудегі жаңа талаптар мен өзгерістер толығымен айтылды. Сонымен қатар электронды құжат айналымындағы олқылықтар да көрсетіліп, тиісті мекемелерге  ескертілді. Сот қызметіне деген адамдардың сенімділігін, ақпарат ашықтығын бұдан әрі  жақсарту үшін әлі де жұмыстану қажеттігін айта отырып, сот төрағасы  Шыңғырлау аудандық  халыққа қызмет көрсету орталығының және аудандық «Серпін» газетіне алғысын білдірді.  Халыққа қызмет көрсету орталығының электрондық құжаттармен жұмыстанудағы   біліктіліктері мен ыждағаттықтарын сот төрағасы ерекше ықыласпен атап өтті.

Дөңгелек үстел жұмысында аудандық сот қызметіне жаңадан келген сот кеңсесінің меңгерушісі Сағыныш Таңатарова таныстырылды. Өз кезегінде сөз алған С.Танатарова сот жүйесіндегі оң өзгерістерді тағы да  талқыға салып, дөңгелек үстелге қатысушыларды біріге отырып жұмыстануға шақырды.

              А.Муса

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале