15.08.2016, 12:04
Оқылды: 19

Өз үлестерін қосуда

Қаратөбе ауданында - «Мектепке жол» акциясыБалалар-еліміздің болашағы және олардың жан-жақты білім алуы бүгінгі күннің талабы.

Республикамызда 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында ұйымдастырылған «Мектепке жол» акциясына байланысты Соналы жалпы орта білім беретін мектебінде де іс-шаралар оздырылуда.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Бақытты балалық шақ мекені» ұранымен жүріп жатырған акцияға әлеуметтік жағдайына сай көмекке мұқтаж балаларға қол ұшын беру мақсатында барлық тұрғындар акцияға ұйымшылдықпен қатысуға шақырылды. Мектепте ақпараттық стенд  жасақталды. «Сенім телефоны» жұмыс жасауда. Мекемелермен, сауда орындарына үндеулер ілініп,  парақшалар таратылды.  Мектеп  директорының бұйрығы негізінде комиссия құрылып, рейд жұмыстарын жүргізуге 12  мұғалім, 1 ата-ана тартылды.  Қазіргі таңда мектеп ұжымы, кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары демеушілік негізде өз үлестерін қосуда.

                                                                              Ерболат РАЙСОВ

                                                                                    Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале