7.10.2016, 14:29
Оқылды: 48

Өмірге құштармыз, өнерлі жандармыз

  %d0%bc%d1%83%d0%bc%d0%ba%d0%b8%d0%bd1     Қаратөбе ауданына қарасты Жусандыой ауылдық округінде Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерекесіне орай, мейірбандық айлығы аясында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында  аудандық «Өмірге құштармыз, өнерлі жандармыз» атты өнер байқауы өтті.


Ең басты мақсат – мүмкіндігі шек­теулі жандардың талантын ұштап, олардың өздеріне деген сенімдерін нығайту. Бұл шара мүмкіндігі шектеулі жандардың дарынын танытуға, шы­ғармашылығын дамытуға, өмірге құш­тарлығын арттыруға бағытталды.

Алғаш сөз алған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақытжан Жүсіпқали қатысушыларға сәттілік тіледі.

Байқауға қатысушылар 5  кезең бойынша сынға түсіп, өз өнерлерін ортаға салдып, бір-бірлерінен қалыс қалмады.

Байқауда ерекше көзге түсіп, көрермен көзайымына айналған Сулыкөл ауылдық округі атынан қатысқан Гүлайна Қантаева І орынды иеленсе, ІІ орынды Жусандыой ауылдық округінен қатысқан Аяжан Төремұратова, ІІІ орынды  Егіндікөл ауылдық округі атынан қатысушы Аружан Дарханқызы алды. Байқауға қатысушы Қаратөбе ауылдық округінен Жансая Орынғали мен Саралжын ауылдық округінен Медет Дүйсеғалиев алғыс хаттармен марапатталды.

Барлық жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды. Байқауға ауылдық округтегі шаруа қожалығы жетекшілері, кәсіпкерлер демеушілік жасады, - дейді  Жусандыой ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ұлболсын Тұрғанбайқызы.

 

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале