1.11.2016, 12:47
Оқылды: 28

Өмірдің сұлулығына әндерін арқау еткен...

%d3%a9%d0%bc%d1%96%d1%80%d0%b4%d1%96%d2%a3-%d1%81%d2%b1%d0%bb%d1%83%d0%bb%d1%8b%d2%93%d1%8b%d0%bd%d0%b0-%d3%99%d0%bd%d0%b4%d0%b5%d1%80%d1%96%d0%bd-%d0%b0%d1%80%d2%9b%d0%b0%d1%83-%d0%b5%d1%82%d0%ba  Ақжайық ауданының Қарауылтөбе ауылында әйгілі композитор Сейітқали Қайырғалиевты есте алуға арналған шаралар өтті. Мәдениет үйіне ескерткіш тақта орнатумен басталған бұл бас қосуға аудан әкімі Әділ Жоламанов қатысып, сөз сөйледі.


1966 жылы Қарауылтөбедегі клубта меңгеруші болып жұмыс жасап, келесі жылдан бастап, Алматы облысының филармониясында, 1979 жылдан бастап өмірінің соңғы күндеріне дейін Қазақ теледидарында дыбыс режиссері болып қызмет атқарған С.Қайырғалиев қысқа өмірінде «Кетсең де шалғай...», «Махаббат назы», «Екі жұлдыз» секілді, халқымызға сүйікті 50-ден астам ән шығарған.

Аудан әкімі Ә.Т.Жоламанов Қарауылтөбе түлегінің қысқа ғұмырында өмірдің сұлулығын әндеріне арқау етіп, соңына бай мұра қалдыруы нағыз еңбектің, ізденістің, халқын қуантуға деген перзенттік парыздың өнегесі екенін әңгімеледі. Ол Бикамал апаға естелік сыйлықтар, аудан шежіресінен жазылған кітаптарды тарту етті.

С.Қайырғалиевтың жұбайы Бикамал апа, ағасы Төлеген Сыдықов аға, ұлы Мәлік, Ақтөбе қаласынан келген үзеңгілес інісі Қадыр Анкапов, ауылдың еңбек ардагерлері Бірлес Бисенов, Ғизат Ихсанов, көзкөргендер естеліктер айтты.

«Қанша мәрте, күз бенен көктем келді,

Қанша бастық жазира көк белдерді?

Аруақтар жебесе жол ашылар,

Еске ала жүр, ұмытпа өткендерді!».

Жүрек толқытар осындай жырлар оқылып, С.Қайырғалиевтың әндерін облыстық филармонияның әншілері Еркін Өтегенов, Жаңылсын Хасанова, Асыланбек Қуаналиев, ауданымыздан мәдениет қызметкерлер, танымал дәстүрлі әншілер Сұңғат Жанаев, Данияр Елеуов, Аружан Әділхан және басқалар орындады. Ақын Сағынтай Бисенғалиев арнауын оқыды.

Әйгілі композитордың рухына Құран бағышталып, ас берілді.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале