18.11.2016, 12:34
Оқылды: 17

Өнегелі жанұяларды үлгі еткен байқау

%d3%a9%d0%bd%d0%b5%d0%b3%d0%b5%d0%bb%d1%96-%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d2%b1%d1%8f%d0%bb%d0%b0%d1%80%d0%b4%d1%8b-%d2%af%d0%bb%d0%b3%d1%96-%d0%b5%d1%82%d0%ba%d0%b5%d0%bd-%d0%b1%d0%b0%d0%b9%d2%9b%d0%b0%d1%83    ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай аудандық «Алтын ұя» отбасылық байқауы оздырылып, оған әр ауылдық округтен үлгілі жанұялар қатысты.

   Сайыс «Таныстыру», «Өз өнерлерін көрсету», «Фотокөрме», «Сұрақ-жауап» сияқты кезеңдерді қамтыды.


   Байқауға қатысушылар қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын насихаттап, бірлігі мен тірлігі, достығы ұйыған отбасылар екендігін көрсетті. Нәтижесінде бірінші, екінші, үшінші орындарға тиісінше Бекқалиевтер (Ғ.Қараш атындағы мектеп), Шампиевтер (А.Оразбаева атындағы мектеп) және Ахметовтер (Ұзынкөл орта мектебі) отбасы иеленіп, дипломдармен марапатталды. Барлық қатысушыларға да арнайы аталымдар бойынша дипломдар табыс етілді. «Алтын ұя» аудандық байқауының жеңімпазы Бекқалиевтер отбасы енді облыстық кезеңде аудан намысын қорғайтын болады.

Д.ЗЕННАТ

Жәнібек ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале