17.08.2016, 17:22
Оқылды: 28

Сырым ауданының әкімі өнерде өрге жүзгендерді қабылдады

Өнерде өрге жүзгендерді қабылдадыСырым ауданының әкімі Абат  Шыныбековтың қабылдауында өнер саласының жеңімаздары болды.


Олар: Сочи қаласында өткен  «Танцевальная волна» халықаралық хореографиялық өнер фестивалінде халықтық биімен І және ІІ дәрежелі дипломға ие болған Бақытханым Жұмағалиева және Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында өткен ХХ «Аймақты әнмен тербетіп...» атты өнер мерекесінде эстрадалық жанр бойынша І орын алған Бекей Қанатов пен осы байқауда терме, дәстүрлі ән аталымында ІІ орынмен оралған Сәлімжан Әубәкіров.

Аудан басшысы Сырымдық сахнаның жас саңлақтарына жеңістері үшін алғысын, осы қарқынды үзбей еңбек етулеріне тілегін жеткізіп, қашан да өнерлерін қолдайтынын білдірді.

Жүлдемен оралған өнер иелері алған әсерлерімен, алдағы мақсаттарымен бөлісті.

Аудан басшысы өнерпаздарға естелік сыйлық табыс етті.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА
www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале