10.10.2016, 16:10
Оқылды: 22

Өнерлі өңірдің жүлдегер ардагерлері

%d0%be%d0%bd%d0%b5%d1%80%d0%bb%d0%b8-%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d0%b0%d1%80Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  өткен  облыс ардагерлерінің өнер фестивалінде Қаратөбе ауданының ардагерлері Бейбіт Сағынғалиев, Әлия Жұбашова, Ғалия Қази үздік  өнер өрнегін көрсетті.


Аталмыш өнер додасында ауданға танымал әншілер Бейбіт Сағынғалиев Н.Шакеновтың сөзіне жазылған Ә.Еспаевтың  «Бейбітшілік сақталады», Әлия Жұбашова Ш.Қыдырниязованың сөзіне жазылған Ә.Бейсеуовтың «Қоскөл кеші», Ғалия Қази С.Көбесованың сөзіне жазылған Т.Ізтаевтың «Жүрек сыры» әндерін орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Белгілі мәдениет қайраткерлері  Қырымгерей Қажымов,  Гүлсім Қадешова және тағы да басқа өнер майталмандары  қазылық еткен өнер аламанында  аудан мерейін өсірген қаратөбелік әншілер  Ғалия Қази жүлделі ІІ, Бейбіт Сағынғалиев жүлделі  ІІІ орындарды иеленсе, Әлия Жұбашова «Көрермен көзайымы» аталымымен марапатталды.

Мәдениет саласының өркендеуіне сүбелі үлестерін қосқан байқауға қатысушы ардагер әншілерге жетекшілік жасап, олардың үздік өнер көрсетуіне үлкен ықпал еткен Шөптікөл ауылының мәдениет үйінің меңгерушісі  Марат Тажаяқовтың еңбегі зор.

 

                                                                               Ерболат Райсов

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале