26.10.2016, 17:22
Оқылды: 22

Өнер майталманын қабылдады

%d1%82%d1%83%d1%80%d1%81%d1%8b%d0%bd%d0%b1%d0%b5%d0%ba-%d0%b0%d2%9b%d1%81%d0%b0%d0%b9%d0%b4%d0%b0Бөрлі аудан әкімі А. Халелов өнер майталманы, қазақстандық танымал актер, әзілкеш Тұрсынбек Қабатовты қабылдады. Есімінің өзі жүзіне күлкі сыйлайтын бұл азаматты бүгінде еңбектеген сәбиден, еңкейген кәріге дейін жақсы көретіндігі сөзсіз. Сатира жанрының жілігін шағып, майын ішкен актердың Бөрлі жеріне алғаш келуі.

Бүгінде өзі құрған «Әзіл әлемі» театрына  жетекшілік етіп жүрген Тұрсынбек Қабатов аудан басшысының құрметіне ерекше риза болды. Алдияр Сансызбайұлы қадірлі мейманға Бөрлі жеріне қош келдіңіз айтып,өңірімізге келуі аудан тұрғындарына ел тәуелсідігі қарсаңындағы тамаша тарту болғандығын айтып, естелік сыйлық табыс еті.

Өз кезегінде танымал әзілкеш туған елге келгенде ерекше әсер алатындығын айтып, аудандық мәдениет үйінің соңғы үлгідегі құрал-жабдықпен қамтылғанына ерекше қуанып, мәдениет салаына қамқорлық танытып жүрген аудан бсшыларына алғысын айтты.

Айым Нұрғалиева

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале