15.08.2016, 18:03
Оқылды: 29

Өрт сөндірушілердің дайындығы тексерілді

өртСөндірушіЖаздың ыстығы келісімен дала өрттері де өрши бастайтыны белгілі. Қазіргі таңның өзінде Зеленов ауданы аумағында 30 дала өрті тіркелген оның 26-сы ерікті өрт сөндіру құрылымдарының көмегімен құрықталған болса, қалған 4 өртті арнайы өртпен күрес жасақтары сөндіріпті. Биыл дала өрті жылдағыдан әлдеқайда аз болғанымен тілсіз жаудан сақтану шаралары әркез жүргізіліп тұруы керек. Дала өрті мен басқа да төтенше жағдайлардың алдын алу және барынша болдырмауға тырысу мақсатында Зеленов ауданы орталығында ерікті өрт сөндіру құрылымдарының кезекті жиыны өтті. Аудандық төтенше жағдайлар және аудан әкімдігі жанындағы азаматтық қорғау бөлімдері бірлесе ұйымдастырған шараға барлық ауылдық округтерде құрылған ерікті өрт сөндіру құрылымдары келді. Сондай-ақ жиынға ішкі істер бөлімі мен аудандық ауруханада құрылған арнайы жасақтар да қатысты. Алдымен ерікті жасақтардың төтенше жағдайға дайындығы пысықталып, әр жеке құрамға кіретін азаматтардың өрт сөндіру жайындағы біліктері тексерілді. Содан соң жасақ жауынгерлеріне дала өртін болдырмау және алдын алу туралы дайындалған бейнеролик көрсетілді. Кейін оларға аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы азаматтық қорғаныс майоры Талғат Жақыпов шағын баяндама оқып, өрт сөндіру кезіндегі іс-қимылдарды қалай жүзеге асыру керектігі туралы да біраз мағлұмат берсе,  аудан әкімдігі жанындағы азамттық қорғау бойынша бас инспектор Амантай Жұмақаев ерікті өрт сөндіру құрылымына кірген әр азамат арнайы орындардан бастапқы даярлықтан өтіп, жасақ жауынгерінің өрт сөндіру кезінде жарақат алып қалған жағдайда оның отбасы мүшелеріне қандай көмек көрсетілетіндігі туралы айтып берді.

Айта кету керек аудан аумағында тіркелген барлық ерікті өрт сөндіру құрыдымдары осы күні керек деген өрт сөндіру жабдықтарымен толықтай қамтылған, кей округтердің аумағында орналасқан шаруа қожалықтары да өрт сөндіру жасақтарын барынша көмек қолын созуға әзір. Алдағы уақытта бұл жұмыстар өз жалғасын таба бермек. Барлық өрт сөндірушілердің тізімі жасалып, қажетті жабдықтармен қамтылуына да көңіл бөлінетін болады.

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале