10.08.2016, 16:40
Оқылды: 18

Өтеген- үздіктер қатарында!

shahmat turnirОрал қаласындағы БҚО драма театрында бірнеше дүркін қалалық, облыстық жарыстардың жеңімпазы, спорт шеберлігіне үміткер  Сәлімжан Көжековтың 75 жас мерейтойына орай шахматтан облыстық жарыс өтті.


Додаға бақ сынаймын деп келген қатысушылардың санында шек болмады. Орал, Ақсай қалаларынан бөлек, аудандардан да спортшылар қатысып, белсенділік танытты.

            Айтқымыз келгені, талай спорт түрлерінің «жілігін шағып, майын ішкен»,  облыстық, республикалық жарыстарда дес бермеген, аудан халқына жақсы таныс Өтеген Мүбарак осы жолы тағы ерледі. Кіл мықтыларды басып озған Өтеген ағамыз, бұл жарыстан да құр қол қайтпастан, үздік 3 шахматшының  қатарына енді.

         Ұйымдастырушылар тарапы жеңімпаздарды алғыс хаттар  және естелік сыйлықтармен марапаттады. Талай турнирлерде аудан намысын жықпай, салауатты өмір салтын ұстанып жүрген Өтеген ағамыздың алар асуы осымен таусылмасын дейміз!

 

Әділет Орынбасарұлы

Теректі ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале