22.07.2016, 18:08
Оқылды: 21

Өңіраралық жастар форумы

Қаратөбе форумҚаратөбе ауданына қарасты Үшағаш ауылында Тәуелсіздігіміздің  25 жылдығы аясында «Біздің жетістігіміз – Тәуелсіздіктің жетістігі» атты өңіраралық жастар форумы өтті.


Өңіраралық форумда ҚР Президентті Н.Назарбаевтың Жолдауы, «5 институционалдық реформаны жүзеге асырудағы 100 нақты қадам» тақырыбы аясында баяндама оқылып, ашық пікір алмасу бағытында дөңгелек үстел өтті.

Отырыста сөз алған аудан әкімінің орынбасары Сатқан Өмірзақов  жастарды мемлекет тарапынан жасалынып жатырған кең мүмкіндіктерді дұрыс бағытта пайдалана білуге, ауылдық жерлерде барлық жағдай жасалғандығын,  сол себепті спортты, мәдениетті дамытуға атсалысуға шақырып, жастармен емен-жарқын әңгіме айтылды.

Ауылдық округтердің жастармен жұмыс жөніндегі мамандарына жазғы демалысқа келген жастарды қоғамдық іс-шараларға қатыстырып, белсенділік таныту керектігін айтты.

Қаратөбе аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Нұрхад Ахмедияров орталықтың жасап жатырған жұмыстарынан хабардар етті.

Аудандық ресурстық орталықтың теолог, заңгер, психолог  мамандары жастарға қызмет көрсетіп, түрлі кеңес беретіндіктерін жеткізді.

Мектептің спорт залында ауылдық округтерден келген жастар арасында волейболдан жолдастық кездесу және  көңілді старт ойындары өтті.

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА
Қаратөбе ауданы
www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале