22.06.2017, 11:41
Оқылды: 42

10 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылған

DSC_0392Ақжайық ауданында Тайпақ орманшылығының жерінде Базаршолан ауылының тұрғыны Т. өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаған. Яғни, от жағып, артынан оны өшірмеген. Сондықтан ол ӘҚБтК 367-бабының 1-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 11345 теңге айыппұл төлеуіне тура келді.


Тайпақ орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің орманшылары жыл басынан бері 10 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Кінәлілер айталық, мысалы, аталған кодекстің 372-бабының 1-тармағында қарастырылған, яғни орман фаунасын жою немесе бүлдіру, сондай-ақ орманды қалдықтармен бүлдіру, ластау және өзге де залал келтірген 5 адам, 370-баптың 2-тармағында қарастырылған – орман қоры жеріндегі шабындықтар мен жайылымдық алқаптарды бүлдіру, сондай-ақ заңсыз шөп шауып және мал жайған 1 адам, 138-баптың 1 тармағында қарастырылған – жер учаскелері шекараларының межелік белгілерін жойған 2 адам, 367-баптың 1 тармағында қарастырылған – ормандарда өрт қауіпсіздігі талаптары мен санитарлық қағидаларды бұзған 2 адамға айыппұл салынды.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале