12.04.2017, 16:24
Оқылды: 19

«100 жаңа есім» жобасын құптаймын

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында латын әліпбиіне көшу, туған жерімізді қадірлеу және егемендікке қол жеткізгелі бері мемлекет дамуына үлес қосқан тұлғалардың есімін ұлықтау жөнінде басты үш бағытты қарастырған екен.  

Осы орайда «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын іске асыруды  жөн санаймын. Ширек ғасырда қаншама адам бар уақытын, энергиясын елі, жері үшін жұмсады? Ел алдында сөз сөйлеп, ұрандатып, халықты бірлікке шақырып, жөн сілтеп жүрген азаматтарға қоса, үйде бала бағып отырған аналарымызға дейін нағыз патриот ұл-қыз тәрбиелеп, қолдарынан келген көмектерін аямады. Мұның бәрі марапатқа әбден лайық.

Біз бала күнімізден Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін жаттап, Алаш автономиясын құрған саңлақтарымыздың сара жолын ұрпағымызға жырлаумен болдық. Тіпті, хандарымызды, батыр, жырау, шешен, көсемдерімізді, бертін келе Кеңес Одағына танымал болған әншілерімізді де аузымыздың суы құрып, балаларымызға айтатынбыз. Ендігі кезек тәуелсіз Қазақстанда ерен еңбек еткен тұлғаларға келді. Әр облыстың аудан, ауылдарынан қоғамымыздың дамуы үшін аянбай тер төккен жандарды ізбасарларымызға насихаттасақ, нұр үстіне нұр болушы еді. Келешекте олар да біздің атқарған жұмыстарымызды жіпке тізіп, мақтанса, үлгі тұтса, арманымыздың орындалғаны.

Егемен Қазақстанымның көпті көрген азаматы ретінде Елбасы саясатын қолдаймын!

Мұсағали Төлегенов

аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале