2.03.2017, 11:03
Оқылды: 26

11 бала сыйлыққа ие болды  

Сырым ауданындағы кәсіпкерлердің өкілі Айсұлу Ихсанова «Нұр шуағы» қоғамдық бірлестігінде болды. Бұл жерде даму мүмкіндігі шектеулі 11 бала оңалту шараларын қабылдайды. Айсұлу Ихсанова ұйымның есебіндегі балалардың барлығына аудан кәсіпкерлерінің атынан мерекелік сыйлықтар ұсынды.


Бірлестіктің тәрбиеленушілерін Алғыс айту күні мерекесімен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Арман Баяндықов пен аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Аян Жоламанов құттықтады. Олар өз сөздерінде бала саулығы жолында еңбек етіп жатқан бірлестіктің ұжымына алғыс айтты.

Айта кетейік, «Нұр шуағы» қоғамдық бірлестігі 2014 жылдан бері жұмыс жасайды.

 

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале