21.12.2016, 11:45
Оқылды: 13

112 телефон нөмірін біліп жүрейік

112Орал қаласынан жұмыс бабымен шыққан жігіт пен қыз мінген «Тойота» көлігі 20 желтоқсанда сағат 3 шамасында Ақжайық ауданының Мерген ауылы тұсында, Орал – Атырау жолының 145 километрінде тайып, жолдан түсіп кеткен. Өкінішке қарай, жол бойындағы көліктерді тоқтатып, көмек сұрауға тырысқан олардың әрекетінен ештеңе шықпайды. Яғни, көпке дейін олардың жанына ешкім аялдамайды. Әбден тоңып, шаршаған оларға таңда тоқтаған біреу 112 телефон нөмірі арқылы көмек сұрау қажеттігін айтады. Ақжайық ауданының орталығынан жедел құтқару жасағы бөлімінің (бөлім басшысы Марат Қабақаев) өкілдері жетіп, қыз бен жігітті «УАЗ» автокөлігіне кіргізіп, тамақтандырады. Олардың бақыттарына қарай, денсаулықтарына зардап келмеген. Қыстың көзі қыраудағы бұл оқиға төтенше жағдайлардың 112 телефон нөмірін біліп жүруді де қаперге салады.

Бекем Бекұлы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале