23.10.2017, 12:42
Оқылды: 17

12 тонна тұрмыстық қалдық арнайы орынға жеткізілді  

 

Өткен сенбі күні Қаратөбе ауданының орталығында күзгі тазалық жұмыстарына сәйкес сенбілік өтті.

Сенбілікке шыққан мекеме қызметкерлері белгіленген аумақтарды қаудан, тікен шөптерден және тұрмыстық қалдықтардан тазалап, ұйымшылдықпен жұмыла жұмыстанды.

Ауыл тазалығын сақтау мақсатында өткен сенбілікке аудан орталығындағы 69 мекеме ұжымдарынан 581 қызметкер қажетті құрал-саймандарымен алты бағыт бойынша тазалау жұмыстарын жүргізді.

Белсенді өткен сенбілік нәтижесінде тазаланған аумақтардан 12 тонна тұрмыстық қалдықтар мен күл-қоқыс арнайы белгіленген полигонға жеткізілді.

Сенбілікке үш «МТЗ-80» маркалы техника тіркемелерімен жұмылдырылды.

Серікбай ХАСАНОВ,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале