29.12.2020, 14:53
Оқылды: 36

Тасқалалық мәдениет қызметкерлері де қолдайды

Жуырда аудан орталығындағы коворкинг ғимаратында мәдениет қызметкерлерімен кездесу шарасы өтті.

Мәдениет қызмет

Баршаңызға белгілі, 2021 жылдың 10 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен елімізде Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді. Осыған орай биылғы жылдың 11 желтоқсанында елімізде партиялардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталды.

Үгіт-насихат жүргізу мақсатында аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Люция Жұбанышқалиева, Нариман Мусенов, Бинұр Хабидашева, Аңсағаным Бақтыгереева және еңбек ардагері Жәрдемғали Балыков мәдениет қызметкерлері алдында сайлауалды бағдарламаларын кеңінен насихаттады. Алдымен сөз алған Люция Әсетқызы келушілерге рақметін айтып, сайлауалды бағдарламалардың маңыздылығына тоқталды.

Жеке кәсіпкер Нариман Мусенов пен мәдениет саласының қызметкері Бинұр Хабидашева да «Nur Otan» партиясының осы күнге дейін жеткен жетістіктерін айта келіп, аталмыш партияға дауыс беруге шақырды.

Еңбек ардагері Жәрдемғали Балыков сайлау науқанына әрбір аудан тұрғыны атсалысу керектігін және оған жауапкершілік танытуларын атап өтті.

Шара барысы карантиндік режимді сақтау арқылы өз мәресіне жетті.

Аудан бойынша жасалып жатқан шаруалар баршылық. Бәрі де – елдің игілігі. Оның ішінде мәдениет саласына қатысты маңызы зор шаруалар да бар. Атап айтар болсақ, Амангелді ауылдық округіндегі мәдениет үйі көп жылдан бері жөндеу көрмей тұрған болатын. Биыл шаруа қолға алынып, сәтімен аяқталды. Сондай-ақ аудан орталығындағы мәдениет үйі де күрделі жөндеуден өтуде. Жақын арада пайдаланылуға берілмек. Осындай игі жақсылықтарды неге атап өтпеске? Бұның өзі мәдениет саласына деген шынайы жанашырлықты білдіреді.

Аталмыш кездесуге жиналған мәдениет қызметкерлері өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.

Темірболат Әнуарұлы,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале