30.01.2019, 15:10
Оқылды: 23

13 жаңа жұмыс орны ашылды

Жәнібек ауданы Борсы ауылының «Мұқас» шаруа қожалығы мал бордақылау үшін 2018 жылы «Алтын асық» бағдарламасымен 12 млн. теңге несие алып, 400 бас қой сатып алды.

qoi

 Сондай-ақ «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға  арналған» бағдарлама аясында 5 адам 15 млн. 700 мың теңге несие алып, 13 жаңа жұмыс орны ашылған. 40 бас ірі қара мен 111 бас қой сатып алынды. Асыл тұқымды мал шаруашылығын және одан алынатын өнімнің сапасын арттыру мақсатында 19 шаруа қожалығы 1 222 бас аналық пен 696 бұзауға 12 млн. 220 мың теңге, ал мал басын асылдандыру үшін 78 бас бұқаға 11 млн. 700 мың теңге субсидия алды.

Гүлзара Тілекқабылқызы,

Жәнібек ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале