2.11.2017, 14:46
Оқылды: 19

145 тұрғын кәсіптік білім алды

145 тұрғын (2)ҚР Үкіметінің  2016 жылғы  29 желтоқсанында  №919 қаулысымен  бекітілген  «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың   2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» үш бағыт бойынша жүзеге асырылады.

Бағдарламаның І бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық  және кәсіптік  біліммен  және қысқа мерзімді  кәсіптік  оқумен қамтамасыз ету». Мұнымен қосақысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтетін тұрғындар оқуына ақы төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, шәкіртақы, тұрғын үйді жалдау, жол жүру ақысымен қамтамасыз етіледі.

Биыл қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 120 адамды оқытуға  бюджеттен қаражат бөлінді.  Ал он ай қорытындысы бойынша 125 адам «Аспаз», «Газэлектрдәнекерлеу», «Тігінші», «1С есепші», «Шаштараз», «Іс жүргізуші», «Классикалық массаж», «ДК операторы», «Маникюр шебері», «Электрик», «Автоэлектрик», «Жылыту қазандығының операторы», «В»категориялы жүргізуші, «Кондитер», «Құрылыс жол көлік машинисті» сияқты еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша білім алды. Оқу аяқтағандарға  жұмысқа орналасуға көмек те көрсетілмек.

Сонымен қатар, кәсіптік оқуға  аудандық «Тасқала колледжіне»  «Автомобиль жөндеу слесарі»  мамандығы  бойынша  20  адам  жолданды.  Жалпы бағдарламаның І бағыты аясында 145 адам кәсіптік  оқумен  қамтылды. Бағыт бойынша жұмыстар жалғасын табуда.

Жұмыспен қамту орталығы

маманы А.АБУЛХАИРОВА,

Тасқала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале