31.08.2016, 14:16
Оқылды: 29

150 шақырымды жүріп өтті

велошеру           Дүйсенбі күні ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және ҚР Конституциясы күніне арналған велошеру Сырым ауданының орталығы Жымпиты ауылынан Орал қаласына салтанатты түрде аттанды. Батыс Қазақстан өңіріндегі спорт ардагерлері мен жас велошабандоздардан, сонымен бірге жеке ұжымдардың қызметкерлерінен құралған мерекелік шеру 150 шақырымды жүріп өтті.


Жымпитыдағы салтанатты шарада Сырым ауданының әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов шерудің жолына сәттілік тіледі. Сапар алдында велошабандоздар Жымпитының тарихи – мәдени орындарымен танысты.

  • ҚР Конституциясы күні қарсаңындағы бұл велошеру Рио де Жанейро қаласындағы жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегері атанған қазақстандықтардың құрметіне де арналып отыр.

Велоспорт – бұл салауатты өмір, мықты денсаулық. Осындай шерулер арқылы біз әуесқой велосипедшілердің де санын арттырамыз – дейді самбодан Әлемнің алты дүркін чемпионы, жасөспірімдер мен балаларға арналған велоспорт мектебінің директоры Қазболат Құрмашев.

 

Бауыржан Ширмединұлы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале