15.11.2016, 17:57
Оқылды: 17

170-ке жуық сауалдың 115-і оң шешімін тапқан

????????????????????????????????????

  «Нұр Отан» партиясы Зеленов филиалының кезекті  ХІХ конференциясы өтті. Конференцияны партияның Саяси Кеңес Бюросының мүшесі Рамазан Исмағұлов жүргізіп отырды.

  Жиында партия Саяси Кеңесінің 2015-2016 жылдары атқарған жұмыстары баяндалып, филиалдың Саяси  Кеңесін және Саяси Кеңес Бюросы, облыстық филиалдың кезекті ХХ конференциясына делегаттар сайланды.


  Баяндама барысында филиал төрағасының бірінші орынбасары Нұржан Дүзбатыров:

  -Партия жарғысына сәйкес соңғы екі жылда атқарылған жұмысымызды қорытындылап, ел алдында атқарған ісімізге баға берер конференция да тарих қойнына енгелі тұр.

  Аудандық филиалда 27 бастауыш партия ұйымында 2865 мүшесі бар. Филиалдың кезектен тыс ХVІІ конференциясында Саяси Кеңесі мен Саяси Кеңес Бюросы сайланды.  Сондай-ақ сыйбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі қоғамдық Кеңес және Партиялық бақылау комитеті жұмыс жасайды. Аудандық мәслихатқа партиядан 14 үміткер ұсынылып, бәрі де депутаттық мандатқа ие болды. Осылайша филиалдың Саяси Кеңес Бюросының қаулысымен мәслихат жанынан партия фракциясы жасақталды. Мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасымен және республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың тиімді игерілуін бақылау мақсатында комиссия құрылды. Аудан жастарының бастамаларын жүзеге асыру мақсатында «Жас Отан» жастар қанаты жұмыстанады.

   «Нұр Отан» партиясы жанынан құрылған «Мирас» қоғамдық қоры бастамашы  болған игі іске атсалысып, аудан баспасөзінде хатталған мән-маңызы терең деректер зерделену үстінде. Жоба аясындағы жұмысымызға негіз ете отырып, «Жайық Пресс» медиахолдингімен бірлесе аудан аумағындағы көне құлыптастарды зерделеу ісін жалғастырудамыз. Биылдың өзінде Шалғай, Рубежин, Чеботарев ауылдық округтері аумағынан көне құлыптастар табылып, зерттеу нысанына алынды.

  «Бақытты балалық шақ» жобасымен балғындарға қуаныш сыйлау мақсатындағы бастамаларымыз халықтың кең қолдауына ие болуда. Бүгінге дейін «Болашаққа салым салу» акциясы барысында ауданда 30-ға жуық бүлдіршінге «Халық банкі» мен «Цесна» банктен арнайы депозит ашылды. Ігі бастамаға қолдау білдірген атымтай азаматтарға алғыс білдіргім келеді, - деді.

  Мұнымен қоса филиал жұмысында қоғамдық қабылдауларға ерекше басымдық берілетіндігін айтып өтті. Ағымдағы жылдың он айында қабылдауға келіп түскен 170-ке жуық сауалдың 115-і оң шешімін тапқан.

  Күн тәрбітіндегі бірінші мәселе 2015-2016 жылдардағы Саяси Кеңестің атқарған жұмыстың есебі бойынша қаулы қабылданып онда партияның депутаттық фракциясы арқылы мемлекеттік органдардың халықпен жұмыс жасау сапасының мониторингі құрылып, олардың республикалық, аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыру тиімділігін арттыру, қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысында тың әдістер қолдана отырып, азаматтар мүддесінің қорғалуын қамтамасыз ету, жемқорлық әрекеттердің алдын алуды ұдайы назарда ұстап, партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық Кеңестің жұмысын күшейту, жастармен жоспарлы жұмыс партия филиалы қызметінің басты ұстанымдарының бірі екендігін есекере отырып аудандық «Жас Отан»  жастар қанатының жұмысы нығайтылып, партия жұмысына жастар белсенді тарту,  партия жарғысында белгіленген талаптарға сай Партия мүшелерінің жарнаны уақтылы төлеуі қатаң ескеріліп, партия мүшелерінің тәртібі, партиялық этиканы сақтауы басты назарға алыну көзделіп қаулының орындалуын бақылау «Нұр Отан» партиясы Зеленов аудандық филиалы Саяси Кеңесінің Бюросына жүктелді.

  Конференция соңында партияның облыстық филиалының баспасөз хатшысы, Зеленов филиалына жауапты тәлімгер Назгүл Қожанбаева партия жұмысына оң баға беріп, партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Сүлейменнің атынан Елбасының сындарлы саясатын жүзеге асыруға атсалысып, партияның бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін орындауға қатысқаны және белсенділігі үшін «Рубежин» бастауыш партия ұйымының төрағасы А.Жанабаев, «Шалғай» бастауыш партия ұйымының төрағасы Г.Бөлекова, «Жастық-Молодость» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Кунировқа және  «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» жобалары аясында ұйымдастырылған шараларда белсенділік танытқаны үшін «Железнов» бастауыш партия ұйымына, аудандық мәслихат депутаты Т.Залмұқановқа алғыс хаттар табыстады.

Динара НАСЫР

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале