3.03.2017, 15:28
Оқылды: 53

18 алтын медаль еншіледі

Жуырда Алматы қаласында ҚР каратэ спорты федерациясының ұйымдастыруымен аталмыш спорт түрінен ашық турнир өтті.


Спорт додасына еліміздің Көкшетау, Қостанай, Семей, Алматы, Тараз, Шымкент, Орал қалаларынан 13 команда құрамында барлығы 350-ге жуық спортшы қатысты.

Турнир нәтижесінде облыс құрамасы топ жарып, жеңімпаз атанды. Екінші орын алматылықтарға бұйырса, Тараз құрамасы үздік үштікті түйіндеді. Облыс құрамасы сапында бақ сынаған зеленовтықтар нәтижелі ойын өрнегін көрсетті. Аудан спортшылары 18 алтын, 8 күміс, 9 қола медаль еншіледі.

Атап айтсақ, Ғ.Габдулла (кумитэ мен ката), Ш.Ғұмаров (кумитэ мен ката), Б.Сұлтангерей (ката), Қ.Нигимов (ката), А.Бержанов (ката), Ж.Серік (ката), Б.Өтеғалиев (ката), С.Болатов (ката), Г.Серікқали (ката), Ж.Есболова(кумитэ мен ката), Э.Оңғарова (кумитэ), Н.Әділгерей (кумитэ мен ката), А.Имақанова (кумитэ мен ката) ел чемпиондары атанды.

Айта кетейік, жеңіс тұғырынан көрінген спортшыларды Фархад Жалмұрзин, Рустам Жұмбаев, Фархат Нысанбаев сияқты бапкерлер жаттықтырады.

Динара НАСЫР,

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале